Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, Меркі ауданында ағылшын тілінде зияткерлік ойын өткізді. Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға үш немесе одан көп тілді білетін 14-29 жас аралығындағы 60 қатысушы, мұғалімдер мен оқушылар тартылды. «Полиглоттар» клубының мүшелері «Countries of the world» атты зияткерлік ойын туралы мәлімет беріп, оның шартымен, тәртібімен таныстырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ