Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, Т.Рысқұлов ауданында ағылшын тілінде пікірсайыс өткізді. Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға үш немесе одан көп тілді білетін 14-29 жас аралығындағы 25 қатысушы, мұғалімдер мен оқушылар тартылды. «Полиглоттар» клубының мүшелері пікірсайысты Линкольн-Дуглас (LD) форматында өткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ