Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және ұлттық тілдерді
дамыту бөлімі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын
қалыптастыру мен іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі «Жамбыл облысы
әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан
Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік
құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің
мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы
әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
4. Мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы:
Тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын қалыптастыру
мен іске асыру.
5. Міндеттері:
Аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен
комитеттердің, департаменттердің, меншік нысанына қарамастан басқа да
ұйымдар мен кәсіпорындардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын, «Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы Жарлығын іске асыру жөніндегі
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыстық әкімдігінің іс-шаралар
жоспарларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы Жарлығын іске асыру
мақсатында мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін және сұранысын
арттыру;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 11 шілдедегі Заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын
жою туралы ұсынымдар беру және бақылау жүргізу;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету
шараларын қолдануға;
Мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық
маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыру;
6. Функциялары:
1) Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік
және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің функциялары:
Жергілікті атқарушы органдардың және меншік нысанына қарамастан,
барлық ұйымдардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының, «Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы Жарлығын орындау бағытындағы
қызметтерін ұйымдастырады және бақылайды;
Тіл саясаты саласында заңдардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде
шығармашылық одақтармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да
мемлекеттік емес құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, кәсіпорындарда,
жергілікті атқарушы билік органдарында, білім беру, мәдениет, құқық қорғау
мекемелерінде, халыққа түрлі қызмет көрсету орындарында, бұқаралық ақпарат
құралдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру, азаматтардың
мемлекеттік тілді оқып-үйренуін ұйымдастыру ісін қадағалайды, оларға
практикалық көмектер береді;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 18 және 21 баптары талаптарының
аймақтағы барлық мемлекеттік емес ұйымдарда мүлтіксіз сақталуына ықпал
етеді;
Аймақтағы тіл саясаты саласындағы ішкі саяси процестерге кешенді
әлеуметтік талдаулар мен зерттеулер жүргізеді;
Фестивальдер, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар және тіл
өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізеді;
Облыста тілдерді қолдану мен дамытудың әр кезеңдерге арналған іс
шаралар жоспарын әзірлеу, олардың орындалуына ықпал етеді;
Заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
Аудандар мен Тараз қалалық әкімдіктерінен, облыстық басқармалар мен
комитеттерден, департаменттерден, меншік нысанына қарамастан басқа да
ұйымдардан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңның талаптарының
орындалуына байланысты тоқсандық, жылдық есептерді, сондай-ақ өз
функцияларына жататын мәселелер бойынша ақпараттар, мәліметтер, басқа да
құжаттар сұрауға және алуға;
Өз құзыретіне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңның, «Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын орындалуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, облыстық, аудандық мекемелер мен
ұйымдарда, кәсіпорындарда, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан басқа да
мекемелер мен ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын мемлекеттік тілге
көшірудің жайын зерделеуге;
Заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасындағы тіл жетістіктерін көрсетуге және тілдік
ортаны қалыптастыру мақсатында фестивальдер, байқаулар және басқа да
насихаттық іс-шараларды ұйымдастыруға;