.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы
Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекованың төрағалығымен облыс әкімінің
орынбасары Е.Манжуовтың 2017 жылғы 28 маусымда бекітілген «Жергілікті
мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық сектор өкілдерімен
халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша» кестесіне сәйкес кездесу
өткізіледі.
Өтетін күні мен орны: 22 қараша 2017 жыл, сағат 16:00, Тараз қаласы,
Төле би көшесі, 35 үй, әкімшілік ғимаратының мәжіліс залы (6 қабат)

Ағымдағы жылдың 24 қарашасы Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылдың 24 қарашасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаһандану заманындағы тіл және ономастикалық үрдістер» тақырыбында республикалық конференциясы өткізіледі. Конференцияның мақсаты облыста Қазақстан Республикасының тіл саясаты, ұлттық ономастика бағыттарын дамыту және насихаттау, ұлттық болмысқа сай келмейтін топонимикалық атаулардан арылып, тарихи төл атауларды қайтару бағытындағы жұмыстар жөнінде пікір алмасу, жоғары оқу орындарының студенттеріне республикамыздағы ономастикалық жағдайдың сырын ашып беру, олардың мән-мағынасын түсіндіру арқылы бойларына туған жеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру, ел мен жер атауының ұлттық – танымдық көріністері мен ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін арттыру және ұлттық санасын қалыптастыру болып табылады.
Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылып, қатысушыларға таратылады.

Шараның өтетін орны: Тараз қаласы, Сәтбаев көшесі, №28. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің мәжіліс залы.

Ономастикалық жұмыс бөлімі

Жас ақындар ел Тәуелсіздігін жырлайды

Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңіле отырып, ата- бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын үлгі-өнеге етумақсатында«Жастар мәңгілік елді жырлайды» облыстық жазба ақындардың жабық жыр мүшәйрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылады.
Мүшәйраның марапаттау рәсімі 2016 жылы 7 желтоқсанда Тараз қаласы, Төле би даңғылы №35, 6-қабат, Тілдерді оқыту орталығының мәжіліс залында өткізіледі.

Мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау

2016 жылдың13 желтоқсан күні Тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне25 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім»тақырыбында тыңдаушылар арасында байқау өткізіледі.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл үйренушілерді қазақ тілін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын білуге, түсінуге ынталандыру. Еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту.
Байқау 4 кезең бойынша өткізіледі: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Өлең сөздің патшасы», «Полиглот», «Әнді сүйсең менше сүй!».
Шараның өтетін орны:Тараз қаласы, Төле би даңғылы №35, 6-қабат,Тілдерді оқыту орталығының мәжіліс залы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған