Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы, 1963 жылы туған, білімі – жоғары, 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

1985 жылы – Жамбыл қаласындағы №10 кәсіптік-техникалық училищесінде қоғамтану пәнінің мұғалімі.

1986-1996 жылдары Жамбыл қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1996-1998 жылдары Тараз қаласы білім басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары.

1998-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары.

2010 жылдан 2017 жылдың 26 маусымына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы.  

2017 жылдың 26 маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

«Нұр Отан» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылымының депутаттығына кандидат.

Наградалары:

1993 жылы –  «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі» төсбелгісі.

2006 жылы – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.

2011 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі.

2012 жылы – «Ерен еңбегі үшін»  медалі.

2013 жылы  –  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі.

2015 жылы –« Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі.

2015 жылы – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі.

2016 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.