2017 жылғы   17-18  наурыз

 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы атынан  басқарма басшысы Төлебаева Гүлайым Тельманқызы және Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының атынан басқарма басшысы Боранбаева Ғалия Бектенқызы әрі қарай «Тараптар», Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы мен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде әрекет ете отырып, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында төмендегілер туралы осы Меморандумды жасады.

  1. Екі жақты Меморандумның мақсаты:

Тілдерді дамыту  саласы бойынша  ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, өзара іс-қимыл жасау

 

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тарапынан:

  1. Ұзақ мерзімді жобалар:
  • мемлекеттік тілді үйретуге арналған көпсериялы анимациялық фильм;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін үш тілдегі әдеби-танымдық «Күншуақ» журналы;
  • «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік бюллетені;
  • фольклорлық, этнографиялық, өлкетанулық, әлеуметтанулық «Туған өлке» энциклопедиялық-ақпараттық анықтамалықтар сериясы;
  • «Атаулар сыр шертеді» жобаларын жүзеге асыру.

 

2.Ономастика саласын ғылыми қамтамасыз ету:

  • өлкетанулық, топонимикалық, зерттеулер жүргізу, анықтамалықтар, атлас карталар әзірлеп шығару.

    3.Бұқаралық ақпарат  құралдарының шығармашылық әлеуетін пайдалану:

  • жастар мен балаларға арналған ойын-сауық, танымдық, мемлекеттік  тіл саясатын түсіндіру, насихаттау, оқыту сипатындағы жобаларды жүзеге асыру бағытында  өзара ақпарат алмасу, әдістемелік көмек, шеберлік кластарын өткізу.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан:

1.Тіл саясаты және ономастика мәселелері:

  • өңірдегі бірнеше тілді жетік меңгерген полиглоттардың қатарын анықтап, ынталандыру, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында өзара әріптестік және ынтымақтастық байланыстар орнату және бірлескен жобалар, «Полиглоттар клубын» т.с.с ұйымдастыру;
  • облыстағы ересек тұрғындарға тілдерді (қазақ, орыс ағылшын) меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу;
  • тіл саясаты және ономастика мәселелері бойынша әдістемелік құралдар әзірлеудегі тәжірибелерімен алмасу;
  • үш тілді меңгерген әртүрлі сала өкілдері үшін тілдік орта қалыптастыру мақсатында  «Тілдік алаң» ұйымдастыру.

 

  1. Мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар.
  • облыстағы үш тілді меңгерген 9-10 сынып оқушыларына қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «Тіл білгірі» телебағдарламасын;

– мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі сыртқы көрнекі ақпарат, деректемелер  мен жарнамалардың тіл   сауаттылығын заң талаптарына сәйкестендіру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тіл сақшысы» телебағдарламасын ашу.

 

Осы Меморандум бойынша алмасуға жататын барлық ақпарат тиісті жазбаша сұрату бойынша беріледі.

Мемлекеттік органдар кез келген тараптың жазбаша сұратуы бойынша:

– кезеңдік негізде бірлескен зерттеу жобаларын, семинарларды, таныстыру сапарларын, шеберлік кластарын және екі тараптың мүдделі мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін  ұйымдастыра алады;

– мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғыза алады.

 

  1. Қолдану мерзімі мен іске асыру механизмі

Осы Меморандумды  тараптар   өзара  қызмет  еткенде бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Осы Меморандумға  сәйкес «Тараптар»  екі тарапқа  да  өкілеттік  және құқықтық  залал келтірмеуін белгілейді.

Меморандум мәтіні мемлекеттік тілде  әр тарапқа  1(бір) данадан  жасалады.

Ақтөбе облысының тілдерді                          Жамбыл облысының тілдерді

дамыту басқармасының басшысы        дамыту басқармасының басшысы ________________Г.Төлебаева             ________________ Ғ.Боранбаева

 

2017 жылғы   17-18 наурыз                                      2017 жылғы   17-18 наурыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ