Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы ЕСЕБІ

2016 жылғы 2 ақпан

Басқарма өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мен этносаралық қарым-қатынасты нығайта отырып, Мәңгілік елдің мәңгілік тілінің мерейін көтеру бағытындағы жұмыстарды Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы мен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», өзге де нормативтік құқықтық актілерге, басқарманың Ережесіне сәйкес жүргізеді.

Облыста аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау арқылы тілдік орта қалыптастыру, мемлекеттік мекемелердегі ісқағаздарының мемлекеттік тілде ресімделуіне бақылау мен талдау жүргізу, облыста тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында батыл қолданысқа енгізіп, әр азаматтың өмірлік қажетіне айналдыру мақсатында 2015 жылы мемлекеттік тілді оқыту орталығы мен үкіметтік емес ұйымдарды, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы мен этномәдени бірлестіктерді, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен білім беру мекемелерімен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен бірлесе отырып 6 «дөңгелек үстел» отырысы, 15 облыстық байқау мен олимпиада, 4 форум, 1 жазба ақындар мүшәйрасы, 1 қабылдау, 2 семинар, 2 конференция, 6 фестиваль, 2 танымдық кездесу, 4 әдеби-сазды кеш, 25 ашық сабақ, 3 шеберлік класы, 9 мерекелік кеш, 2 апталық, 2 интеллектуалды ойын өткізіліп, 1 видеоролик түсірілді. Жалпы басқарма тарапынан барлығы 84 іс-шара ұйымдастырылса, оның 61-і аудандық, 23-і облыстық деңгейде өткізілді.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі, скачать.pdf