2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң қолданысқа енгізіледі. Заң Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне біржола өтудің құқықтық негізін айқындады. Мұндай моделді енгізу келесі механизмдердің есебінен қамтамассыз етілетін болады.

1. Мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету төменгі лауазымдарда жұмыс өтілі болған кезде жəне ішкі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады (əңгімелесу арқылы). Алғашқы кезеңде ішкі конкурс мемлекеттік органның өз қызметшілерінің арасында өткізіледі. Тиісті кандидат болмаған кезде, ішкі конкурстық іріктеу барлық мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі. Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландырулар мемлекеттік органның жəне Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурстарында ғана жарияланатын болады. Осыған байланысты, оларды өткізу мерзімі екі еседен астам қысқартылатын болады (егер бұрын ол кем дегенде 25 жұмыс күнін алса, қазір – 7-ден 10 жұмыс күніне дейін). Ішкі конкурстада кандидатура анықталмаған жағдайда, Министрлікпен келісу бойынша, жеке немесе квазимемлекеттік секторда салыстыруға келетін еңбек өтілі бар азаматтардың арасында жалпы конкурс өткізілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік органдардағы төменгі, яғни мəні бойынша мемлекеттік қызметке кірудегі, лауазымдар үш кезеңдік іріктеу негізінде жалпы конкурс өткізу арқылы ғана алмастырылатын болады: бірінші кезеңде үміткерлер заңнаманы білуге тесттілеуден өтеді; екінші кезеңде олардың жеке қасиеттері мен негізгі құзіреттерінің болуы бағаланады; үшінші кезең – мемлекеттік органда бейінді білімі бойынша конкурстық əңгімелесу. Министрлік жеке қасиеттер мен құзіреттерді бағалау бойынша тиісті автоматтандырылған тесттік бағдарлама əзірледі. Отандық жəне халықаралық сарапшылардың бағалауын қоса, оны валидизациялау бойынша қажетті рəсімдер өткізілді. Заңнаманы білуге тестілеудің нəтижелері бойынша шекті мəннен өткен жағдайда кандидаттар екінші кезеңге жіберіле алады (тестілеуге жазылу «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын болады). 2015 жылдың аяғына дейін алынған заңнаманы білуге тестілеу бойынша сертификаттар тестілеуді өткен кезден бастап бір жыл ішінде жарамды. Мұндай сертификат болған кезде, конкурсқа қатыу үшін кандидаттардан Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде жеке қасиеттері мен құзіреттерін бағалаудан өту талап етіледі.

3. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін тұлғаларға тəлімгерлер бекітілумен 3-тен 6 айға дейін сынақ мерзімі орнатылады (сынақтан өтіп жатқан тұлғаның сəйкестілігін тексерумен). Сынақтан өтпеген жағдайда, қызметші Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен келісу бойынша қызметтен босатылады.

4. «Б» корпусының кадр резерві институты таратылады. 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мұндай резервке алынған тұлғалар резервте болудың бір жылдық мерзімі аяқталғанға дейін «Б» корпусының лауазымдарына конкурс өткізбей тағайындала алады. Бұл ретте мұндай азаматтар оларды қай мемлекеттік органның ұсынысы бойынша резервке алғанына тəуелсіз, тиісті санатқа сəйкес кез- келген мемлекеттік органдағы лауазымға орналаса алады.

5. Ауысу институтын шектеу. Ауысулар: – көмекші, кеңесші, баспасөз хатшысы лауазымдары; – «А» (Президент Əкімшілігі) жəне «В» (Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент палаталарының, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғарғы соттың, Конституциялық Кеңесінің аппараттары Есеп комитеті, Президенттің Іс Басқармасы) санат топтарына жататын мемлекеттік органдар үшін ғана сақталады. Бұдан бөлек, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетелдік мекемелерге ауысу тəртібімен жолданған қызметшілер үшін Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінен мемлекеттік органдарға ауысулар болуы мүмкін.

6. «Б» корпусының басшылық құрамын ротациялау институты енгізлуде. Ротациялаудың тəртібі мен шарттары Президент Жарлығымен айқындалатын болады Басқа өңірге ротацияланған кезде, мемлекеттік қызметшілер жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын-үймен қамтамасыз етіледі.

7. Зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларды саяси қызметке қабылдауға шектеу жəне аяқтау негіздерін қатаңдатуды еңгізу. Бұл ретте өкілет мерзімі Конституция мен заңдарда айқындалған саяси қызметшілерге жас мөлшері бойынша шектеу таралмайды (мысалға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің жəне т.б. төрағасы мен мүшелері). Өзге жағдайларда, зейнет жасына жеткен тұлғаларды саяси лауазымға тек Президент қана тағайындай алады. Президент тағайындайтын саяси қызметшілер зейнет жасына толғанда өз өкілеттіктерін атқаруды Президенттің шешімі бойынша бес жылға дейінгі мерзімге дейін жалғастыра алады. Зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет атқару мерзімі бір жылға ғана ұзартыла алады. Бұл ретте, осы жылдың соңына дейін келісім-шарт жасасқан зейнеткерлер, мемлекеттік қызметтегі жұмысын мұндай шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін атқаруға құқылы.