Мемлекеттік қызметке кіру бойыншаақпарат
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23
қарашадағы Заңы (бұдан əрі – Заң) қолданысқа енгізілді.
Заңның 26-бабына сəйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына
алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған
қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:
1) уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тесттен өту;
2) уəкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін
бағалату;
3) «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға
арналған жалпы конкурс.
Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
бұйрығымен жаңа Ереже (бұдан əрі – Ереже), мемлекеттік əкiмшiлiк
қызметшілерді, мемлекеттік əкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға
кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру жəне бағдарламалары бекітілді.
«Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған
тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне сəйкес тестілеу үш
бағдарламадан тұрады.
Бірінші бағдарлама: 9 Заң, 110 минут, тестілеуден өту мəні – барлық
нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (135
сұрақ) 95 – тен кем емес дұрыс жауаптар жəне əрбір нормативтік құқықтық
актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;
Екінші бағдарлама: 8 Заң, 100 минут, тестілеуден өту мəні – барлық
нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (120
сұрақ) 72 – тен кем емес дұрыс жауаптар жəне əрбір нормативтік құқықтық
актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;
Үшінші бағдарлама: 6 Заң, 80 минут, тестілеуден өту мəні – барлық
нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (90
сұрақ) 45 – тен кем емес дұрыс жауаптар жəне əрбір нормативтік құқықтық
актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.
Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мəннен
жоғары нəтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде
автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.
Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде
кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі,
коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы,
сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы жəне сыбайлас жемқорлыққа
шыдамсыздығы.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу нəтижелері бойынша сертификат,
жеке қасиеттерін бағалау нəтижелері бойынша – қорытынды беріледі.
Олар бір жыл ішінде қолданылады жəне мемлекеттік органдармен
əңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу
үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.