Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге,
тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің
құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен əлеуметтік қорғалуын, сондай-
ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мəселелерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік
қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тəртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары
көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік əкімшілік лауазымдар;
2) «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резерві – «А» корпусының
бос не уақытша бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан
Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тəртіппен қалыптастырылып, жүйеленген тізімі;
3) «Б» корпусы – «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік əкімшілік лауазымдар;
4) бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен
мемлекеттік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нəтижелері бойынша
белгіленетін ақшалай төлем;
5) бiлiктiлiк талаптары – мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға білімі,
жұмыс тəжірибесі жəне құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі (бұдан əрі – мемлекеттік қызмет)
– мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi
мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi
қызметi;
7) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кəсіби қызметті тиімді түрде атқару
үшін қажетті білімнің, икемнің жəне дағдылардың жиынтығы;
8) лауазымды адам – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы
өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-
өкiмдік немесе əкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адам;
9) лауазымдық өкiлеттiктер – нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген, мемлекеттiк
қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған
мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін құқықтар мен мiндеттер;
10) мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында жəне
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз
қызметін тұрақты кəсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
11) мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазым санаты – тиісті біліктілік талаптары бар
мемлекеттік əкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы;
12) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тəртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк
лауазымды атқаратын жəне мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру
мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматы;
13) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдебі (бұдан əрі – қызметтік əдеп) –
мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің əдеп кодексінде белгiленген мінез-құлық қағидалары;
14) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган (бұдан əрі – уəкілетті орган) –
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін,
мемлекет қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын
мемлекеттік орган;
15) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық
өкiлеттiктер шеңбері жүктелген мемлекеттiк органның құрылымдық штат бiрлiгi;
16) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы жəне қызметi
саяси-айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға
жауаптылықта болатын мемлекеттiк қызметшi;
17) мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің
лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына əкеп соғуы
мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның
лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық;
18) тəлімгер – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге
бекітілетін, оның кəсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік
қызметші;
19) төменгі лауазым – мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдар
санаттарының арасында лауазымдар тізіліміне сəйкес санаты төмен тұрған болып
табылатын, «Б» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік лауазымы;
20) уақытша бос мемлекеттік лауазым – мемлекеттік лауазымды атқаратын
мемлекеттік қызметшінің іссапарға баруына, əлеуметтік демалыста не мемлекеттік
тапсырыс негізінде оқуда болуына, сондай-ақ ауруы денсаулық сақтау саласындағы
уəкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі
белгіленген аурулар тізбесіне енген болса, науқастануы салдарынан оның қатарынан екі
айдан астам уақыт жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік
лауазым;
21) уəкілетті комиссия – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік
əкімшілік қызметке кіру, оны өткеру жəне тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік органдарға
шетелдік жұмыскерлерді тарту мəселелерін қарайтын комиссия, оның ережесі мен
құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
22) үстемеақы – «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшісіне Қазақстан
Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен белгіленетін лауазымдық
айлықақысына ақшалай қосымша ақы;
23) іссапарға бару – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен
мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақтала
отырып, басқа мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі
мекемелерінде жəне өзге де ұйымдарда мемлекеттік лауазымдарға орналасуы.

Жүктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы.pdf