ИМАНАЛИЕВА АЙНҰР СҰЛТАНҒАЗЫҚЫЗЫ,
бөлім басшысыБайланыс телефоны: 8(7262) 43-69-58
Электрондық поштасы: tiltaraz_2008@mail.ru
ОСПАНОВ БУЛАН СЕРІКҰЛЫ,
бас маман
Байланыс телефоны: 8(7262) 43-49-75
Электрондық поштасы:

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

  • Қаржы, статистикалық, салық есептілігін уақытылы сапалы жасайды және тиісті ведомстволарға ұсынады;
  • Баға ұсыныс тәсілімен тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқаулар арқылы жүргізеді;
  • Сатып алатын тауарды, жұмыс және қызмет келісім шарттарын жабдықтаушылармен тіркеуге алып және көрсетілген қызметі туралы актілері бойынша жабдықтаушылармен жұмыс жасайды;
  • Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының атқарылуы бойынша бухгалтерлік  есептің ұйымдастырылуын және жүргізілуін қамтамасыз етеді;
  • Құжаттардың уақытылы және дұрыс толтырылуына және жүргізілетін операциялардың заңдылығына бақылау жасайды;
  • «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша өтетін байқаулар мен «дөңгелек үстел» отырыстарына тиісті шығын сметасын орындайды;
  • Бөлімнің құзыретіне жататын сұрақтар мен сауалдарға жауаптар, түсініктер беріп, әдістемелік көмектер көрсетеді;
  • Бөлімге заңдармен жүктелген өзге де функциялар мен міндеттерді орындайды;
  • Қаржы жылына басқарманың міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламалары қаржыландырудың жылдық және жеке жоспарларын әзірлейді;
  • Алдағы қаржы жылына басқарманың міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламалары қаржыландырудың жылдық және жеке жоспарларын әзірлейді;
  • Басқарманың  жылдық бухгалтерлік баланс есебін әзірлеп облыстық қаржы басқармасына тапсырады;
  • Жалақыны, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, салық, іс-сапар шығындарын уақытылы есептейді және аударады;
  • Төлем шоттарын әзірлейді, міндеттемелерді тіркейтін өтінімдермен және төлем шоттардың тізімдемесімен жұмыс жасайды және қазыншылық банктік қызметті жүзеге асырады;

ҚҰҚЫҚТАРЫ:

  • Басқарманың жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарына ұсыныстар беруге;
  • Өз құзыретіне сәйкес, облыстық басқармалар мен департаменттерден, инспекциялардан, аудандық мекемелер мен ұйымдардан меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардан «Тіл туралы» Заң талаптарын орындалуына және облысытық әкімдіктің тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық іс-шараларына, өзге де тапсырмаларына қатысты ақпараттар, хабарламалар, басқа да құжаттар сұратуға және алуға құқылы.